
Елордада «Nur Otan» партиясының кезектен тыс ХІХ съезі басталды.
Елбасы, партия төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» партиясы атынан Президент сайлауына түсуге Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын ұсынды.
«Қазақстан жаңа кезеңге қадам басып отыр. Биылғы 19 наурызда өздеріңіз білесіздер, мен президенттік өкілеттігімді тоқтаттым. Еліміздің жарқын болашағы үшін осындай оңай емес шешім қабылдадым, ойланып-толғанып шешілген мәселе болды. Мемлекетті басқаруға басшылардың жаңа буыны келетін заман болды. Уақыт солай, өмір солай. Олар тәуелсіз Қазақстанның абыройын арттырып, беделін биіктете түседі деп сенемін. Біздің буынымыз соларға көмек көрсетіп, жан-жақты қолдап, жағдай жасауымыз қажет», — деді Нұрсұлтан Назарбаев.