М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-де Білім және ғылым министрлігі мен “Болашақ” қауымдастығының ұйымдастыруымен жас кәсіпкерлерге арналған STARTUP BOLASHAK “Менің арманым” сайысының іріктеу кезеңі өтті.
Жарыс барысында өрендер тренингтерге қатысып, кәсіпкерлердің жұмыстарымен танысты. Қатысушылар екі күн бойы өз жобаларын менторларға таныстырып, бірнеше кезеңдік сыннан өтті. Аталмыш сында 98 жоба қаралып, оның ең үздік деген 23-і Павлодар қаласында өтетін келесі кезеңге жолдама алды.
“Қызылжар-Ақпарат”.