Қожаберген жырау атындағы №6 қазақ орта мектебінде дартстан қала біріншілігі өтті. Оған білім ордалары және облыс орталығындағы балалар мен жасөспірімдердің мектептен тыс жұмыс жөніндегі орталығы клубтарының 14 командасы қатысты.
Жарыс қорытындысы бойынша “Жеңіс” балалар мен жасөспірімдер клубының тәрбиеленушілері жеңімпаз атанды. Алаң иелері екінші болса, “Ровесник” балалар мен жасөспірімдер клубының командасы үшінші орынды түйіндеді.
Жекелей есепте жасөспірімдер арасында “Жеңіс” клубының намысын қорғаған Кирилл Степанкин үздік атанды. Қожаберген жырау атындағы №6 қазақ орта мектебінің оқушысы Абылай Көпешев пен “Жеңіс” клубының тағы бір өкілі Руслан Заикин екінші және үшінші орындарды өзара бөлісті.
Қыздар арасындағы бәсекеде бірінші орын “Жеңіс” клубының өкілі Вероника Калмыковаға бұйырды. “Ровесник” клубының мүшесі Жанель Тасболатова екінші болса, Қожаберген жырау атындағы №6 қазақ орта мектебінің шәкірті Томирис Амантаева үшінші орынды қанағат тұтты.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер грамоталармен марапатталды.
Дулат ҚОЖАХМЕТОВ, “Soltústіk Qazaqstan”.