Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде мектеп оқушылары, студенттер және магистранттардың арасында өткен облыстық байқау және география пәнінен қашықтықтықтан ұйымдастырылған олимпиадасының қорытындысы жарияланды.
– Олимпиадаға 90-ға жуық өрен қатысты. Ал байқауға 50-ден астам адамнан өтініш түсті. Биылғы жылы халықаралық Жер күніне арналған сайысқа бірнеше жаңа бағыт енгізілді. Байқау ғылыми жобалар, қолөнер туындылары, ақындық шеберлік, суреттер және бейнебаяндар додасы бағыттары бойынша өтті. Қатысушылардың ғылыми жұмыстарынан қоршаған ортаны қорғаудың бірегей шешімдерін және қуат көзінің баламалы түрлерін көруге болады, – дейді География және экология кафедрасының меңгерушісі Павел Дмитриев.
Географиядан өткен облыстық олимпиада қорытындысы бойынша — 12, ал өңірлік байқаудың нәтижесінде 26 адам жүлделі орындарға ие болды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.