Бүгін түнгі сағат 01.30 шамасында Тайынша қаласындағы №1 орта мектеп ғимаратына жапсарлас салынған нысан опырылып түскен.
Аумағы 50 шаршы метрлік нысан апаттық жағдай туындағанда сыртқа шығуға арналған екен. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, ғимараттың тегіс орнықпауы салдарынан жарықшақ пайда болған екен. Абырой болғанда, ешкім зардап шеккен жоқ.