«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАУАПСЫЗ ЖҰМЫС БЕРУШІЛЕР ЖАЗАЛАНДЫ

Жыл басынан бері облыс кәсіпорындарында 8 жазатайым оқиға тіркелді. 

-Қазіргі уақытта өндіріс ошақтарында жазатайым оқиғалар жиі болуда. “Биіктен құлап, мерт болды”, “ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілді” деген  суыт хабарларға құлағымыз да үйренді. Естіген сәтте селт еткенімізбен, артынша тез ұмытылады. Дегенмен, әр оқиғаның ар жағында адам өмірі тұрғандықтан, бұл көз жұма қарайтын жағдай емес. Жазатайым оқиғаларының салдарынан 8 адам зардап шекті. Жұмысшылардың 7-еуі – ауыр, ал 1-еуі – орташа жарақат алды. Барлық оқиғалар заңнамаға сәйкес тергеліп, тексерілді, — дейді облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының бас маманы Әсемгүл Мейрамқызы.

Маманның айтуынша, 2019 жылдың 1 тоқсанында мемлекеттік еңбек инспекторлары 110 кәсіпорында тексеру   жүргізген. Тексеру барысында Еңбек кодексін бұзудың 364 фактісі анықталған. Еңбек заңнамасының бұзылуына жол берген 48 лауазымды және заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 6,8 млн. теңге  айыппұл  салынды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp