«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БАСПАНАЛЫ БОЛУ ЖЕҢІЛДЕДІ

“Nur Otan” партиясының XVIII съезінде көпбалалы, табысы тө­мен отбасылар, сондай-ақ, мүмкіндігі шек­­теулі бала тәрбиелеп отырған ана­лар үшін баспанаға қол­жетімді­лікті арттыру мақсатында Үкіметке Тұрғын үй құ­рылыс жинақ банкі арқылы жыл­дық үстемеақысы 2-3 пайыз бола­тын бағдарлама жасау тапсырылған бо­латын.

Осы күнге дейін көпбалалы от­басылар банк­терден көпші­лікпен бірдей ипотекаға баспана алып кел­ген еді. Енді мем­лекет ұсынып отыр­ған аз мөлшер­дегі үстемеақымен үй алу көпбалалы отбасылар үшін айтарлықтай қолдау болып отыр. Бүгінде облысымызда 359 көпбала­лы отбасы пәтер кезегінде тұр. Үсті­міздегі жылы олардың 30 пайызын, яғни 93 отбасын жалға беру бағ­дарламасы арқылы баспанамен қам­ту көзделген. Сондай-ақ, мұндай от­ба­сыларға мамыр айынан бастап Тұрғын үй-құрылыс жинақ банкі ар­қылы аз мөлшерлемемен несие беру жоспарлануда.
Көпбалалы отбасылардың тұр­ғын үй мәселесі алдағы екі жарым жыл ішінде толық шешіледі деп күті­луде.

 

Гүлмира МӘУЛЕТБАЕВА, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp