Велоспорттан ерлер құрамасы Өзбекстанның Ташкент қаласында өткен Азия біріншілігінде топ жарды.
Құрлық додасында Жандос Бижігітов, Юрий Натаров, Дмитрий Груздев, Артем Захаров, Евгений Гидич және Даниил Фоминых өнер көрсетті. Олар “Ташкент – Газалкент – Чимган” бағытындағы 40 шақырым қашықтықты 44 минут 16 секундта бағындырды. Ал Оңтүстік Кореяның велошабандоздары екінші орынды иеленсе, Гонконг құрамасы үздік үштікті түйіндеді.