Алматыда дзюдодан жасөспірімдер мен жастар арасында Азия кубогы аяқталды. Жеті мемлекеттен 200-ден астам балуан сынға түскен додада қазақстандық спортшылар жақсы нәтиже көрсетті.
Байрақты бәсекенің алғашқы күні татамиге жасөспірімдер шықты. Тартысты өткен белдесулердің нәтижесінде ұлдар арасында төрт балуан топ жарды. Қыздар сайысында жеті бұрымдының бағы жанды.
Келесі күні жарыс көрігін жастар қыздырды. Нәтижесінде ұлдар арасында төрт спортшы, ал қыздар додасында бес нәзік жан алтыннан алқа тағынды.