«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕРЕКШЕ ЖАРЫС

Осымен 56-шы рет ұйымдастырылған ерекше жарыста ерлер иықтарына 50 килограмм көмір салынған қаппен 1 шақырым жүгірді. Нәтижесінде мәре сызығын Эндрю Корриган есімді азамат 4 минут 32 секундта кесті. Ол 750 фунт стерлинг сыйақыға ие болды.

Ал әйелдер бір шақырымдық қашықтықты көмірге толы 20 килограмдық қапты көтеріп бағындыруы тиіс болды. Нәтижесінде мәреге 4 минут 42 секундта бірінші болып жеткен Джинни Мастерге 500 фунт стерлинг сыйақы табысталды. Қазіргі таңда бұл сында тіркелген әлем рекорды 4 минут 6 секундты құрайды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp