«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

«АУЫЛ» ПАРТИЯСЫ ӨЗ КАНДИДАТЫН АНЫҚТАЙДЫ

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында «Ауыл» халықтық-демократиялық партиясының кезектен тыс XV съезі өтеді.

Съезде 9 маусымға белгіленген Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына партия атынан кандидатура ұсыну мәселесі қаралады.   

Бүгінге дейін саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдардан Президент сайлауына түсуге ұсынылған 4 кандидаттың есімдері белгілі.  23 сәуір күні «Nur Otan» партиясы атынан Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынылды. Кеше «Ақ жол» демократиялық партиясының кезектен тыс XV құрылтайы Дания Еспаеваны ресми түрде президенттікке үміткер ретінде бекітті. «Ұлы дала қырандары» республикалық қоғамдық бірлестігі атынан ұсынылған қоғам қайраткері, жазушы-журналист Сәдібек Түгел Орталық сайлау комиссиясына кандидат ретінде тиісті құжаттарын тапсырды. Ал Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясы Президент лауазымына Батыс Қазақстан облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Амангелді Таспиховты ұсынған болатын.                                                  

 www.inform.kz 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp