«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТАТУЛЫҚ – ҚҰНДЫ БАЙЛЫҚ

Ертең С.Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай «Бір шаңырақ астында» атты әдеби-музыкалық кеш өтеді.
Кітапханашылармен бірге облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері, ардагерлер байлығымызға баланатын достығымыз жайында ой толғап, жастарды патриоттық бағытта тәрбиелеудің ұтымды әдістерімен бөлісетін болады. «Әлемде Қазақстан сияқты достығы берік орнаған мемлекеттер қатары көп емес. Біздің ел өзге ұлт өкілдерінің бір шаңырақ астында бірлікте өмір сүруінің жарқын көрінісімен барша әлемге танылып отыр. Шара барысында еліміздің осы жетістігіне кеңінен тоқталамыз. Бұл кештің негізгі қатысушылары – жастар. Оларды аға буынның бірлікті сақтау жөніндегі өсиетін естіп, содан ой түйсін деген оймен шақырып отырмыз», – деді кітапхана қызметкері Елена Скакунова.
Мерекеге орай оқу залында осы тақырыпта көрмеде ұйымдастырылмақ.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp