
Құрметті Солтүстік Қазақстан облысының және Петропавл қаласының тұрғындары!
Жылдағы дәстүр бойынша жаңа оқу жылы қарсаңында “Мектепке жол” республикалық акциясы басталды және ол 30 қыркүйекке дейін жалғасады.
Оның мақсаты – аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан балалардың әлеуметтік себептерге байланысты мектепке бармай қалуының алдын алу үшін материалдық көмек көрсету.
Облыстық білім басқармасы жанашыр адамдарды “Мектепке жол” акциясына белсенді қатысуға шақырады.
Игі істеріңіз үшін алдын ала алғыс айтамыз!
Облыстық білім басқармасы.