
Облыс орталығындағы Оқушылар сарайында өңір басшысы Құмар Ақсақалов 2019 жылдың бірінші жартыжылдығындағы облыстың әлеуметтік-экономикалық даму барысы жөнінде есеп беруде. Президент әкімшілігінің инспекторы, түрлі деңгейдегі мәслиxат депутаттары және облыстың билік құрылымдарының басшылары, алдыңғы толқын өкілдері алдында сөйлеген сөзінде Қызылжар өңіріндегі оң өзгерістерге тоқталды. Алда атқарылуы тиіс ауқымды шаралар жөнінде де баяндады. Атап айтар болсақ, қолданысқа берілген тұрғын үй, ауыл шаруашылығы, тағы да басқа салаларда оң өсім байқалып отыр. Ел Президенті Қасым Жомарт Тоқаевтың тұрғындардың тұрмыс сапасын арттыру бағытындағы жұмыстарды жүзеге асыруға бар күш жігерімізді саламыз, деді облыс әкімі.

Ауыл шараушылығы саласы өңіріміздің экономикасына серпін беріп отыр. Биыл шаруалар машина трактор паркін әжептәуір жаңартқан. Нақтырақ айтар болсақ, 660 трактор және 700 комбайн сатып алынған. Соңғы үш жылдың ішінде заманауи теxникалар өнім көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Сондай ақ, өңір басшысы облыс орталығында пайдаланылмай жатқан 37 участок, яғни 54 гектар жерді мемлекет меншігіне қайтару мақсатында тиісті мекеме басшылары жұмыстарды жандандыру қажеттігін айтты.