«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БАЛЫҚШЫЛАР БӘСЕКЕСІ

Жуырда Уәлиханов ауданының Тілеусай ауылы маңындағы өзен жағасында ардагерлер арасында балық аулаудан жарыс өтті. Осымен бесінші рет өткен дәстүрлі сайыста ауданның әр ауылынан жиналған тәжірибелі балықшылар бақ сынады.

Бұл күні балықшылар белгіленген уақыт мәресіне жеткенде олжаларының салмағын өлшетуге таразы маңына кезекке тұрды. Қазылар алқасы әр ардагердің аулаған балығының салмағын өлшеп, аулау ептіліктерін назарға алып, сол арқылы жүлделі орындарды белгіледі. Сайыстың қорытындысы бойынша 2600 грамм балық аулаған Телжан ауылдық округінің тұрғыны Леонид Петрусенко топ жарды. Оның ауылдасы Николай Мирошниченко екінші орынға жайғасса, Кішкенекөл ауылдық округінен келген балықшы Амантай Шәмшінұров үздік үштікті түйіндеді. Сондай-ақ, Леонид Петрусенко ұстаған 1200 грамдық балық “Ең үлкен балық” аталымына лайық деп танылып, балықшыға арнайы сыйлық табысталды. Жарысқа қатысушылар дастарқан басында дәмі тіл үйіретін балық сорпасын іше отырып, сайыстан алған әсерлерімен бөлісті.

Бауыржан ТАСТУБАЕВ,

Уәлиханов аудандық ардагерлер ұйымының “Балықшылар” әуесқой клубының жетекшісі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp