«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

НЫСАНДАР ТЕКСЕРІЛУДЕ

Жыл басынан бері облыстық құқық қорғау органдары террористік тұрғыдан осал 300-ден астам нысанды тексерді.

Нәтижесінде анықталған заң бұзушылықтарды жою жөнінде жүз тапсырма берілді. 13 нысанның басшысы жауапқа тартылып, жалпы сомасы 3 млн. теңге айыппұл төлеуге міндеттелді. Облыстық полиция департаменті экстремизмге қарсы басқарма бастығының міндетін атқарушы Спартак Кабденовтың айтуынша, бұл нысандар бейнебақылау камераларымен дұрыс жабдықталмаған. Оның үстіне ондағы жазба 30 тәуліктен аз уақыт сақталады. Кейбір мекемелерде қызметкерлерге төтенше жағдайда не істеу керектігі түсіндірілмеген. Мұндай бұзушылықтар үшін жеке немесе лауазымды тұлғаларға 100, шағын кәсіпкерлік субъектілері мен коммерциялық емес ұйымдарға 200, орта және ірі кәсіпкерлік субъекті өкілдеріне 300 және 500 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл қарастырылған.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp