«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“МАҒЫНАСЫ ТЕРЕҢ ӘНДЕРДІ НАСИХАТТАУҒА ТИІСПІЗ”

Қасиетті Қызылжар топырағынан түрлі салада шоқжұлдыздай жарқырап көрінген дарабоздардың шыққаны әмбеге аян. Соның ішінде халқымыздың аспанын әнмен әуелеткен, көк жүзіндегі аққуға үнін қосқан жезтаңдайлар аз болмаған. Осы сүрлеудің арқауы үзілмей бүгінге жетіп отырғаны қуантады. Жуырда Беларусьтің Витебск қаласында өткен “Славян базары – 2019” халықаралық байқауында бас жүлдені қанжығасына байлап, көк туымызды желбіреткен жас талант, жерлесіміз Әділхан Макиннің қуанышын сүйіншілей жазған едік. Осыдан кейін ол өзі туып-өскен Қызылжарға ат басын бұрып, жерлестерімен жүздесті. Сол жиын үстінде талабы таудай, арманы асқақ жас әншімен сұхбаттасып, өнер жолына алғаш қадам басқан кезі жайлы естеліктерін тыңдап, алдағы жоспарлары төңірегінде әңгіме өрбіткен болатынбыз.

– Әділхан Құрманғалиұлы, біздің білуімізше, сіз ән айтуға жастайы­ңыз­дан құмар болып, бала кезіңізден сах­наға шығыпсыз. Әңгімеміздің әлқис­сасын да осыдан бастасақ.

– Өнердің жілігін шағып, майын ішкен майталмандар: “Талантты ешкім қолдан жасай алмайды. Ол – әкенің қанымен, ана­ның сүтімен келетін дара қасиет”, – деп жатады ғой. Өнер қазақтың қанына сіңіп, сүйегіне дарыған. Оның біреуге әкесінен, енді біреуге арғы аталарынан даритыны рас. Алайда, біздің отбасымызда үлкен сах­наға шығып, өнер көрсеткен жандар бар деп айта алмаймын. Әкем әскери қызмет­кер болса, анам – заңгер, 2005 жылы туған Жантөре есімді інім бар. Оның да бойынан өнерге деген ұмтылысты көре алмаймын.

Мақаланың толық нұсқасын газетіміздің 2019 жылғы 25 шілдедегі №85 санынан оқи аласыздар.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp