
Белгіленбеген жерде суға түскені үшін 36 петропавлдық ескерту алды. Бұл фактілер тәртіп сақшылары мен құтқарушылардың судағы қайғылы жағдайлардың алдын алуға бағытталған бірлескен іс-шарасының аясында белгілі болды.
Бұл жерлерде қатты ағыс және иірімдер болуы мүмкін әрі өзеннің түбі де белгісіз болғандықтан, суға шомылған адамдардың өміріне қауіп төнеді.
Рейд барысында Есіл өзеніне және Пестрое көліне мас күйінде жүрген 11 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олар өз өмірлерін қатерге тігіп қана қоймай, өзгелердің де мазасын алады. Сондықтан оларға ескерту жасалмай, бірден айыппұл салынады. Ал бір жылдың ішінде заң бұзушылықты қайталаған адамдар 5 тәулікке дейін қамауға алынады.