«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖЕРГІЛІКТІ КӘСІПКЕРДІҢ СЫЙЫ

Петропавлдық кәсіпкер шаһар тұрғындарына арнап саяжол салып жатыр. Бизнесмен бұл мақсатты жүзеге асыруға өз қалтасынан 10 млн. теңге бөліпті.

Бұған дейін Жамбыл көшесі бойындағы алаңқай бірнеше жыл бос тұрған.  Ұзақ жылдар бойы қоршалып тұрған аумақ жеке кәсіпкер Константин Полтавецке тиесілі. Бизнесмен алаңды абаттандырып, қалалықтарға осылайша сыйлық жасамақшы.

– Бұл жерге тынығатын орын салуды ойладым. Бұл менің шаһар тұрғындарына деген шағын сыйлығым болсын. Жақын маңда көпестердің үйлері шоғарланған. Олар өткен күннен сыр шертеді. Сондықтан аллея да тарихи стильде жасалады, – дейді “Полтавец” ЖК директоры Константин Полтавец.

Бүгінде аумақ күл-қоқыстан тазартылып, кеспетас төселінген. Көп кешікпей шырша көшеттері отырғызылып, төрт орындық, тағы сонша жарықшамдар орнатылатын болады. Кейін ағылшындық жасыл газон төселмек.

Шағын аллеяның құрылысы бірер аптадан соң аяқталады деп күтілуде.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp