
Ертең сағат 9-13 аралығында облыстық онкологиялық диспансерде ісікке дейінгі ауруларды және асқазан обырын ерте анықтау бойынша ашық есік күні өтеді, деп хабарлайды Петропавловск.news.
Егер ас қорыту органдары жұмысының бұзылғанын немесе тамақ ішу кезінде жайсыздықты байқасаңыз, лоқсу немесе қан аздығына шалдықсаңыз, онда онколог дәрігерге көрінген абзал. Салмақ тастау және тез шаршау белгілері бар болған жағдайда да дәрігерге жүгінген жөн. Диспансер мамандары бұл мәселелер бойынша тегін консультация жүргізеді. Ол үшін өзіңізбен бірге жеке куәлігіңіз болуы қажет. Қосымша ақпараттарды тіркеу бөлімінен мына телефондар арқылы алуға болады: 8(7152) 63-01-54, 46-60-08, 35-00-08.