«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚАЙЫРЫМДЫ САЯХАТШЫ

Омбылық жиһанкез Андрей Неридный Петропавлға келді. Саяхатын Ресейдің Санкт-Петербург шаһарынан бастаған ол осыған дейін велосипедпен көрші елдің Вологда, Иваново, Ярославль, Нижний Новгород, Уфа сияқты бірнеше қаласын аралап, 3,5 мың шақырым жол жүріп өтті.

Оның басқа жиһанкез­дер­ден айырмашылығы – қайырымдылық мақсатпен саяхат­тап жүр. Биылғы сәуір айында Омбы қаласында көмекке мұқтаж адамдарға ем көрсететін “Дом радужного детства” мекемесі ашыл­ған бола-тын. Бүгінде мекеме­де екі корпус бар. Үшіншісін тұр­ғызу үшін 80 млн. рубль шамасын­да қаржы қажет екен. Мұны ес­тіген Андрей Неридный өңірлерді аралап, мейірімді жандардан кө­мек сұрауда.
– Демалысқа шық­қанда, тым болмаса бір адамның өмірін арашалап қалсам ба деген оймен емдеу орталығына барған едім. Көмек қажет екенін естіп, шілде айында жолға шықтым. Қайырымды жандардың бір адам­дай қызығушылық танытып, ақша аударып жатқанына ризамын. Әр адам игі істерге уақыт табуы тиіс, – дейді Андрей Неридный.
48 жастағы велосипедші – Ре­сейдің ішкі істер органдарының ар­дагері. Бүгінде банк қызметкері болып жұмыс істейтін ол 10 жыл­дан бері велосипедпен 25 мың шақырым жол жүріп өткен.


Орынбасар ТӨЛЕПБЕРГЕНҚЫЗЫ,
“Soltústіk Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp