
“Қазгидромет” республикалық мемлекеттік кәсіпорны облыстық филиалының мамандары 30 шілде күні өңір аумағында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетуі мүмкін екенін ескертеді. Бұл күндері кейбір жерлерде күн күркіреп, жел күшейіп, бұршақ жаууы ықтимал.
Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департамент тұрғындардың қалыпты тіршілігін сақтау және төтенше жағдайдың алдын алу үшін қауіпсіздік шараларын қолдануды ұсынады.