«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАС ҚҰТҚАРУШЫЛАРДЫҢ КЕЗЕКТІ ЖЕҢІСІ

Мағжан Жұмабаев ауданындағы Батыр Баян атындағы мектеп-гимназияның оқушылары Көкшетау қаласында өткен 1-інші халықаралық жас құтқарушылар слетінде бас жүлдеге ие болды. Сайысқа Өзбекстан, Ресей, Әзербайжан және Қазақстанның әр облысынан келген 14 команда қатысты. Солтүстік Қазақстанның намысын  абыроймен қорғап келген құтқарушыларды облыстық  төтенше жағдайлар департаментінің ұжымы құттықтап, Алғыс хатпен марапаттады. 

Жас құтқарушылар сайысы алғаш рет халықаралық деңгейде өткізіліп отыр. Жарыс  жетікезеңнен тұрды. Біздің ұл-қыздар өткен жылы күміс жүлдені қанағат тұтса, биыл өз күштерін дәлелдеп үздіктер көшін бастап отыр. 

 –Біз конкурстың алғашқы кезеңінде облысымыздың үздік құтқарушы мамандары туралы айтып, қаламызды таныстырсақ, келесі кезеңде «құтқарушы қызметі жастардың көзімен» тақырыбында дайындалған билбордтарымызды қорғадық. Ал күш сынасу сайысы бойынша ең үздік нәтижеге қол жеткіздік, –дейді команда мүшесіАнастасия Ситчихина.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp