«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ШЕТЕЛДЕ ҰСТАЛДЫ

Өңірімізде жыл басынан  бері  47 қылмыскерге іздеу жарияланды. Жалпы өткен жылдармен қоса есептегенде 81 қылмыскерге  іздеу салынып,  оның 47-і ұсталды. Іздеудегілердің дені  пробациялық бақылауды және мерзімінен бұрын босату шарттарын бұзғандар болып табылады.

Мәселен, Петропавл қалалық полиция басқармасы криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілдеріне елде тонау жасағаны үшін күдікті – Петропавл қаласының бұрын сотталған 28 жасар тұрғынын Ресей елінің  аумағында анықтауға және ұстауға 20 күн кетті. Әсіресе, күдіктінің  кездейсоқ табыс табу жолымен Ресейдің біраз қалаларын шарлауы қиындық туғызды. Ол алғашында Омбы қаласына бет алып, одан әрі Түмен, Екатеринбург, Ижевск қалаларына да барған. Полицейлердің  іздеу жариялағанын білген ол ізінен жаңылдыру   мақсатында осылайша “саяхаттаған”.  Петропавлдық жедел уәкілдер оны  Удмуртияның астанасында қолға түсірді.  Қазіргі уақытта күдікті Ижевск қаласында  уақытша ұстау изоляторында қамауда отыр. Кейін Қазақстанға экстрадицияланады.  

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp