
Ел бойынша «ТЕҢ ІТ – мүмкіндіктер әлемі» атты жоба басталды. Бұл жоба мүмкіндігі шектеулі жандардың ақпараттық теxнологиялар саласындағы біліктілігін жетілдіруді көздейді.
Оған қатысу үшін алдымен өтінім беру қажет. Іріктеуден өткендер төрт күндік IT-лагерьге жолдама алады. Сол жерде бағдарламалау, өз жобаларын іске асыру, көшбасшылық бағыт бойынша білім алады және кәсіпкерлік негіздерін меңгереді. Үміткерлер арасында байқау ұйымдастырылып, соның нәтижесі бойынша үздіктері техникалық жабдықтар түрінде гранттық қолдауға ие болады. Әр жобаға ментор бекітіледі.
“Тең IT мүмкіндіктер әлемі” жастар лагері” – бұл көпмодульді оқыту курсы ғана емес, сонымен қатар IT саласындағы жақсы тәжірибе деуге болады. Бағдарламалау, веб-дизайн, жобаларды басқару, веб-жасақтау, массивті ақпараттармен жұмыс істеу, көшбасшылық құзыреттерін дамыту, шешендік, команда құру саласындағы ең үздік сарапшылардың дәрістерінен тұратын кіріспе курсы. Бағдарламаның қорытындысы бойынша 1 млн. теңге грант беріледі. Үміткерлер мүмкіндігі шектеулі жандардың өмірін жақсартатын жоба ойлап табуы тиіс”, – деді жоба жетекшісі Захира Бегалиева.
http://petropavltv.kz