«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТӨЛ ГАЗЕТІМІЗДІҢ ОРНЫ – ТӨР

“Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі” деп айтқан Алаш қайраткері Ахмет Байтұрсынов қоғамда баспасөздің орнын айшықтап кеткен болатын. Елмен бірге жасасып келе жатқан өңірдегі жалғыз облыстық қазақ басылымы – “Soltústіk Qazaqstan” газетінің біз үшін орны бөлек. Руханияттың өзегі, ұлттың ұйытқысына айналған қазақ басылымына әрқашан қолдау білдіруге тиіспіз. Сонау жылдары қазақ мектептері жабылып, ұлт, тіл, діл үшін күреске түскен бұл басылым талай тарихтың куәсі болды. Сондықтан кеңес өкіметінің тегеурініне шыдап, талай сыннан сүрінбей өткен жүз жылдық тарихы бар қарт басылымға жанашыр болып, оның таралымын көбейтуге атсалысқанымыз жөн. 

Облыстық газеттің өткен санында (22 қазан, №124) “Әр шаңыраққа – “Soltústіk Qazaqstan!” деген тақырыппен Есіл ауданындағы Бұлақ ауылы тұрғындарының жерлестерімізге Үндеуі жарияланды. Біз де бұл игі бастамаға қолдау білдіреміз.

Қазір Дайындық ауылында 60 үй бар. Түтін түтетіп отырған отбасылардың барлығы жаңа жылдан бастап “Soltústіk Qazaqstan” газетін оқитын болады. Бүгінде Дайындық негізгі мектебінде 16 ұстаз оқушыларды білім нәрімен сусындатып, тағылымды тәрбие беруде. Ұстаздар қауымы төл басылымға өздері жазылып қана қоймай, басқалардың да алуына атсалысады. Біз “Мен қазақпын” дегендердің барлығын “Soltústіk Qazaqstan” газетіне жазылуға шақырамыз.
 

Дайындық ауылының тұрғындары атынан: Талғат РАМАЗАНОВ, Самал НҰРМҰХАНБЕТОВА, Светлана СӘУІРБАЕВА, Марсель ҒҰБАЙДУЛЛИН, Мінуар СӘПИЕВА, Оразбай БЕКЖАНОВ.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp