«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАЯУ ЖҮРГІНШІЛЕР ЖИІ ЕРЕЖЕ БҰЗАДЫ

21 қазаннан басталған «Қауіпсіз жол» жедел-алдын алу іс-шарасына 300-ден астам тәртіп сақшысы тартылды.

Операцияға 159 патрульдік полицей, 153 учаскелік инспектор және басқа қызметтердің 64 тәртіп сақшысы қатысты.

 Облыс жолдарының бойына 111 бекет пен автопатрульдер қойылды, оның ішінде 39-ы қалаларда және елді мекендерде, 31-і республикалық маңызы бар жолдарда орналастырылды. Облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Думан Таев іс-шараның мақсаты – жол қозғалысына қатысушылардың арасында жолда жүру тәртібін арттыру, ереже бұзушылықтардың алдын алу, жол-көлік оқиғаларын болдырмау екенін атап өтті. Сондай-ақ, ауа райының күрт нашарлауына байланысты полицейлер жүргізушілерге көлік құралдарының техникалық жағдайына назар аударып, дөңгелектерін уақтылы ауыстыру қажеттігін ескертеді.
Іс-шараның төрт күні ішінде облыс жолдарында жол жүру ережесін бұзудың 1580 дерегі анықталды. Көлікті мас күйде тізгіндеген 37 жүргізуші ұсталды. Қауіпсіздік белдігін пайдаланбағаны үшін – 200, сондай-ақ жылдамдықты асырғаны үшін 224 жүргізуші жауапқа тартылды. Ең көп заң бұзушылық жаяу жүргіншілер тарапынан тіркелді: олар 267 рет тәртіп бұзды. Бұл жолы басымдық хаттамалар санына емес, маусымаралық кезеңде жол-көлік оқиғаларының алдын алуға берілмек.  

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp