
Құрметті солтүстікқазақстандықтар!
“Қазгидромет” республикалық мемлекеттік кәсіпорны облыстық филиалының мамандары 28 қазан күні түні оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні секундына 15-20, 23-28 метрге жетуі мүмкін екенін ескертеді. 27-28 қазан күндері Петропавл қаласында да оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні секундына 15-20, 23-28 метрге жетуі ықтимал.
Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департамент тұрғындардың қалыпты тіршілігін сақтау және төтенше жағдайдың алдын алу үшін қауіпсіздік шараларын қолдануды ұсынады.
Сурет http://st.depositphotos.com сайтынан алынды.