
Облыстық полиция департаментіндегі 2-ші арнайы бөлімнің басшысы Марина Алексакина жұмыс уақытының түскі үзілісі кезінде үйден шыққан кезде екі адамның көшеде жатқан кісінің қалталарын ақтарып жатқандығының куәсі болды. Мұны бірден байқаған ішкі істер органдарының қызметкері дереу “102” телефон нөміріне хабарласып, көрген оқиғасы туралы хабарлайды.
Бұл оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тәртіп сақшысы қарақшыларға жақындап, қызметтік куәлігін көрсетсе де, мас ұрылар оны еш елемеді. Сол жерден өтіп бара жатқан Маринаның көршісі бірден көмеке келді. Жедел жеткен полиция автопатрулінің қызметкерлері қарақшылық жасаған адамдарды құрықтап, Петропавл қалалық полиция басқармасының бірінші бөліміне жеткізді.
Орын алған оқиғаға байланысты ұрлық, тонау, қарақшылық бойынша сотқа дейінгі алдын ала тергеу шаралары жүргізілуде. Қылмыс жасаған екі адамның біреуінен жәбірленуішінің ұялы телефоны тәркіленді. Олардың екеуі де бұрын осындай қылмыстық әрекеттерге барғаны үшін сотталғандар екені белгілі болды.
Қалалық полиция басқармасы басшылығының айтуынша, жазғы демалыс кезінде де Марина Алексакина дәл осы шағынауданында көшеде жатқан адамға жәрдем беріп, ұрланған ұялы телефонын іздеп табуға көмек қолын созды. Нәтижесінде байланыс құралы табылып, өзінің иесіне қайтарылды.
Облыстық полиция департаментінің бастығы Марат Төлебаевтың айтуына қарағанда, қазіргі уақытта қайсар мінезді, өжет нәзік жанды полицейді ынталандыру үшін бұйрық дайындалуда.