«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТЕРІС БАҒЫТТАҒЫ АҒЫМДАР – ҚОҒАМҒА ҚАУІП

Тарихқа зер салар болсақ, дәс­түрлі Ислам шеңберінен шы­ғып кеткен ағымдар аз болма­ған. Олардың кейбірі уақыт өте келе жойылғанымен, идеология­лары мен қағидаларының тамы­рына балта шабыла қойған жоқ. 

Бұл жайтты теріс пиғылды топтар өз мүддесіне пайдалан­ғаны да жасырын емес. Осы ар­қы­лы олардың дәстүрлі Ислам ді­ніне, сондай-ақ, қоғамның ұлт­тық ауызбіршілігіне кері әсерін тигізіп, қалың жұртшы­лық ара­сында бүлік туғызып жатқанына ел куә. Біршама уақыт Ислам ді­ніне жеткілікті көңіл бөле алмасақ та, Тәуел­сіздігін алғаннан соң, қа­зіргі таңда қазақ қоғамы діни ұйым­дардың дұрыс-бұрыс әрекеттеріне баға бере алатындай жағдайға жетті.

Сәләфизм – Ислам ғұлама­ла­ры бірауыздан бекіткен мәз­һаб пен сенім мектептерін мо­йында­майтын ағым. Бұл ағым­ды және оның түрлерін баяндамас бұрын “сәләфизм” ұғымын тү­сіндіре кеткеніміз жөн болар.
Сәләфизм – араб тіліндегі “сәләф” сөзінен шыққан. Ол тіл­дік мағынада “бұрынғылар”, “әуе­л­гі­лер”, “өткендер” ұғымын беріп, қасиетті Құрани-Кәрімнің бірнеше жерінде де кездеседі. Ислам әлемінде сәләф-салихин атауы Мұхаммед пайғамбардың (с.ғ.с.) заманынан бастап алғаш­қы үш ғасырда өмір сүрген мұсылман­дар толқынына берілген.
Қазіргі таңда “сәләфиміз” деп жүргендер өздерін осы Ислам­ның әуелгі үш ғасырында өмір сүр­ген­дерге теңеуде. Әуелгі сә­лә­филер шынайы Ислам жолын ұстанушы­лар болса, қазіргі уа­қыт­та өзін солай атаушылар­дың бағыты, шын мәнінде, олай емес.
Бүгінде әлемде “сәләфия” мен “уаһһабизм” сөзі қатар жү­ретінін білгеніміз жөн. Себебі, ағымды “белсенділікке” жетеле­ген Мұхам­мед ибн Абдул-Уаһ­һабтың атына ба­лау әлем мұ­сыл­мандары ара­сында кең етек жайған.
Сондай-ақ, “уаһһабист” деген сөз осы ағымның негізін қалау­шы – Мұхаммед ибн Абдул-Уаһ­һаб­тың көзі тірісінде оның соңынан ерушілерге телінген-ді. Уаһһабилік тарихта “хауариждік” әрекет ретінде танымал болған. Өйткені, олардың әрекеттерін­де­гі қатыгез­дік, өз ұстанымда­рына қосылма­ған­дарды “кәпір” деп айыптау әре­кеттері “хари­життер ағымы” (сені­мінің) ақида­сының көшірмесі іспетті.
Қазіргі таңда уаһһабилік неме­се салафилік сенім Сауд Арабия Каролдігінің ресми ұс­танған діни жолы болғандықтан, ең көп шо­ғырланған мекендері Араб түбегі мен Парсы шығана­ғындағы ел­дер. Сонымен қатар бұл сенімді ұстанушылар Таяу Шығыс, Батыс Еуропа, Солтүстік Африка, Ре­сей, Үндістан, Пәкіс­тан, Бангла­деш және Орта Азия мен өзге Азия елдерінде кезде­седі. Енде­ше, сәләфи ағымы­ның негізгі идеясы түсінікті болу үшін оның шығу тарихына тоқ­талып өтейік.
Сәләфилік ағымның жетек­шісі “Тәмим” тайпасынан шық­қан Мұ­хаммед ибн Абдулуаһһаб (1703-1792 ж.ж.) Рияд қаласына жақын орналасқан Уяйна атты елді ме­кен­де дүниеге келген. Оның ата-ба­басы Ханбали мәз­һабын ұстан­ған. Ал әкесі, атасы мен бауыры қазылық қызмет атқарған. Ол өз әкесінен сабақ алды. Содан соң Меккеге барып ілімін шыңдамақ болады. Алай­да, өзі күткендей ғы­лыми орта таба алмағандықтан Мә­динаға кетеді. Мәдинада Аб­дул­лаһ ибн Ибраһим ибн Сәйф ан-Нажди және Мұхаммед Хаят ас-Синди есімді Ханбали мәз­һа­бының танымал ғалымдары­нан дә­ріс алады. Онда “Кутубуссит­та”, “әл-Мууатта”, “әл-Муснад” ат­ты хадис кітаптарын оқып шы­ғады.
Оқи жүріп Ибн Тәймияның пәтуаларымен танысады. Оның дінге қатысты пікірлерін басшы­лық­қ­а алып, жаңғыртуға көшеді. Сол заманның үрдісі бойынша, бі­лімін шыңдау мақсатында Басра­ға аттанады. Онда түрлі ағым өкіл­дері болғандықтан, со­лардың сенімдері мен ұстаным­дарын жа­қыннан тани түседі. Білімін жетіл­дірумен қатар, тау­хид мәселесі ту­расындағы пікір­сайыстарға қатысып, белсенді­лік танытады. Мұн­дай жиындар­да “дінді тікелей Құ­ран және сүнеттен үйрену ке­рек” деген ұстанымын дәлелдеу­ге және қорғауға тырысқан бола­тын.
Осы орайда Мұхаммед Ибн Абдул-Уаһһабтың ағасы – Сү­лей­­мен Ибн Әбдул-Уаһһаб “Са­уаик ал-Ахия радду ала Уаһ­һабия” атты еңбегінде:
“Сендердің мәзһабтарыңның (уаһһапшылдықтың) жалған екен­­­дігін мына нәрселер көрсе­теді:
Әбу Хурайра (р.а): “Пайғам­барымыз (с.ғ.с): “Күпірліктің басы шығыстан шығады”, – де­ген. Ри­уаят жалғасында: “Сенім – Йе­мен­де, ал бүлік – осы жерде, Шай­танның мүйізі осы жерден пайда болады”, – деген [3/93-б].
Имам Ануар Шах әл-Каш­мири ад-Деюбанди (1292-1352һ/1875-1933 ж.) Имам әл-Бұхаридің “Сахихіне” жасаған “Файз ул-Бари” атты түсін­дірме­сінде:
“Шынтуайында, Мұхаммед Ибн әбдул-Уаһһаб ан-Нажди – зердесіз және оның білімі өте төмен болды”, – деген.
Имам Мұхаммед Заһид әл-Каусари әл-Ханафи (1296-1371һ.ж.) “Табйин казб әл-Муф­тари” атты еңбегінде:
“Хашауизм (уаһһабизм) – на­дандық пен жансақтыққа бой ұр­ғандар. Олар Исламға дейінгі на­дандық көзқарастарының мұра­ге­рі”, – деген.
“Сәләфизм” ағымының тар­мақ­тары – Мадхализм, Суру­ризм және Такфиризм болып бө­лінеді. Бұл сәләфилік бағыттағы тармақ­тар – Мухаммад Ибн Абдул-Уаһһабтың көзқараста­рын мо­йындап, сенімдерін Ибн Таймия­ның ұстанымы негізінде бекітеді, мәзһаб пен сенім мектептерінің негіздерін қалаған “Сүннет жұрты және жамағаты” ғұламаларын теріске, тіпті, күпір­лікке де шыға­ра­ды. Мәселен, Имам Әбу Хани­фаның “Фиқһ әл-Акбар”, “әл-Уа­сия” атты еңбек­теріне негіздеп жұ­мыстар жүргіз­ген – Имам Жағфар әт-Тахауи, Имам Әбу Мансур әл-Матуриди, Имам әл-Ашғари сын­ды Ислам әлемі мойындаған ға­лымдарды теріске шығарады. Олардың теріске шығаруындағы негізгі мә­селе – Құрани-Кәрімдегі астар­лы мағыналы аяттар ұғымы.
Сәләфилік ақидасының не­гіз­гі принципі – Ибн Таймия құр­ған “Таухидті үшке бөлу” ақида­сы. Демек, Алланың жалғыз­дығын зерттейтін “Таухид” ілімін – үшке бөліп қарастырады. Тау­хидті үш­ке бөліп қарастыруда­ғы мақсаты – Алла Тағаланың Құрандағы мү­тәшабиһ аяттары­на Құранда кел­ген сөздің тікелей тілдік, күнде­лікті қолданыстағы мағынасын беріп, астарлы, мақсат етілген ойды ескеруші “тәуилді” жоққа шығарады. Сон­дай-ақ, Имам әл-Матуриди мен Имам әл-Ашғари сенім мектеп­те­рін теріске шығару бо­лып табылады. Ал Уаһһап­шылдық бағыттағы – “Сәләфизм”, “Мад­ха­лизм”, “Суруризм” және “Так­фиризм” тармақтарының бар­лығы дерлік Ибн Таймияның “Үш негіз” ақидасын ұстанады.
Суруриттер – Салафилердің ішіндегі саяси, идеологиялық ағым. Оның негізін қалаған Му­хаммад ас-Сурур Зейнул-Аби­дин. Ол Сирияның Харран қала­сында дүниеге келген.
Сарапшылардың тұжырымы бойынша – Суруриттердің діни дайындығынан өткен адамның радикалданып, заңды билікке, басқа дін өкілдеріне, зайырлы азаматтарға қатысты шектен тыс төзімсіздік танытып, өзінің саяси мақсатына жету үшін кез келген тәсілді қолданатынын, соның ішінде қарулы қақтығысқа да баратынын айтады.
Бүгінгі таңда ағымдардың түпкі ақиқаты ашыла түсуде. Сон­дықтан да сурурия ағымы – ихуан­дық бағыттағы, салафия жамылғысын жамылған, айла-тәсілдері қоғамдағы аса қатерлі болып есептелетін топтардан деп айта аламыз. Өйткені, ішкі дүние­лері мен көзқарастары мүлдем бөлек. Ал мұндай теріс сенімдегі ағымдардың қоғам бірлігі мен ын­тымағына, өсіп-өркендеуіне зиян тигізері сөзсіз. Әлемдегі мұсыл­ман елдері дәстүрлі Исламға қай­шы келетін сенімдегі ағымдардың үгіт-на­сихат жүргізуіне тыйым салған, тіпті, ресми тіркеуге де алмаған. Мұндай дін атын жамы­лып, шы­найы Исламға залалын тигізуші адасқан ағым өкілдерінің сөзіне құлақ салмас бұрын олар­дың тарих сахнасында пайда бо­лу себептері мен мақсаттарына мән беріп, зияндылығы анықтал­ған жағдайда ел болашағы мен мүддесі тұрғысынан сарапқа салып, қажетінше оларға тиісті шара жасауды талап ететіндігі екендігі даусыз.

 

Серік ТӘЖІБАЕВ,
 “Нұр-Мүбарак” университетінің

аға оқытушысы,

Ph.D докторанты.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp