
«Қыс-2019» және «Протон» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуларына дайындық аясында, азаматтық қорғаныс жүйесінің 2019-2020 жылдардағы қыс мезгіліндегі ықтимал төтенше жағдайлардың салдарын жоюға қабілеттілігі мен деңгейін арттыру мақсатында облыстық төтенше жағдайлар департаментінде жұмыс кеңесі өткізілді.
Департамент бастығының орынбасары подполковник Ерік Сарыбаев төрағалық өткен кеңес жұмысына облыстық азаматтық қорғаныс қызметі мен құрылымдарының, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ұланының 6637 әскери бөлімі және әскери институтының өкілдері, мемлекеттік органдардың, тіршілікті қамтамасыз ету нысандарының басшылары қатысты. Азаматтық қорғаныс бөлімінің бастығы майор Мұрат Қанғожинов өз баяндамасында алдағы оқу-жаттығуларды ұйымдастыру және өткізу жоспарымен бөлісті. Одан кейін кеңеске қатысушылар қыс мезгілінде төтенше жағдайлар орын алған жағдайда және «Байқоңыр» ғарыш айлағында зымыран тасығыштардың апаттарына байланысты төтенше жағдайлар туындаған кездегі іс-қимыл барысын талқылады.
Кеңес жұмысын подполковник Ерік Сарыбаев қорытындылап, қатысушылардың қойған сұрақтарына жауап берді.