«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ ҚАЖЕТ

Жыл басынан бері өңірімізде 12 мыңнан астам жұмыс орны ашылыпты. Десек те, Жамбыл, Айыртау аудандары мен Петропавл қаласында жаңа жұмыс орнын ашу тапсырмасы баяу орындалуда. Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Алмас Қошмановтың айтуына қарағанда, биыл нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 17447 адам қатысса, оның тоғыз мыңнан астамы тұрақты жұмыспен қамтылған. Ал Тимирязев, Айыртау, Есіл аудандары мен Петропавл қаласында оқытылған азаматтар тиісті деңгейде жұмыспен қамтылмай отырса, Тимирязев, Жамбыл, Есіл, Шал ақын аудандарында өзге өңірлерден қоныс аударғандардың екі қолға бір күрек табуы қиын. Жыл басынан бері өңіріміздегі жұмыссыздық деңгейі – 4,8 пайызды, ал жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 2,8 пайызды құрап отыр.

– Қазіргі таңда өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың санын азайтып, тұрақты жұмыс орнын ашып, кәсіпкерлікті дамытуымыз қажет. Өткен 10 айда жеке кәсіпкерлердің саны 3200-ге көбейді. Яғни, бұған дейін жалдамалы жұмыс істеген азаматтар бағдарлама аясында жеңілдетілген несие алып, өз кәсібін ашты. Сол себепті бұл бағытта атқарылып жатқан жұмыстар ұдайы назарда болуы тиіс, – деді облыс әкімі Құмар Ақсақалов. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp