«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАС КӘСІПКЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН ФОРУМ


Петропавл қаласында жас кәсіпкерлерге арналған “Баста” форумы өтті. Оған өңір және облыс орталығында кәсіпкерлікпен енді айналыса бастаған жастар қатысты. 

Бұл жиын барысында ұлттық бизнес-жаттықтырушы Ғани Абадан және облысымыздың белгілі кәсіпкерлері Сайран Хамзин мен Айтықан Қалғаева шараның құрметті қонақтары ретінде қатысушыларға өздерінің кәсіпкерлік жолы қалай басталғаны туралы сөз қозғап, ақыл-кеңестерін айтып берді. 

“Атамекен” ұлттық кәсіпкерлер палатасының бренд-амбассадоры Ғани Абаданның айтуынша, ол “Бастау” және “Жас кәсіпкер” жобалары бойынша білім алып, кәсіпкерлік саласын игере бастаған адамдармен кездесіп, олардың тыныс-тіршілігімен танысу мақсатында еліміздің қалаларын аралап жүр. Бүгінгі таңда ол Қазақстанның бірнеше қаласында өз ісін дөңгелетуде.
– Осындай форумдар барысында мен жас кәсіпкерлерге елімізде кәсіпкерлікті қолдауға арналған мемлекеттік бағдарламалар және бұл саланы меңгерудің мүмкіндіктері жайлы айтамын. Қазіргі уақытта жастардың көбі кәсіпкер бола аламын ба деп қобалжса, кейбіреулері мемлекет тарапынан жүргізілетін тексеріс шараларынан, салық есептерінен қорқады, – дейді ол.
“Жас кәсіпкер” жобасы бойынша кәсіпкерлікті игерген Елена Аминова мен оның жұбайы мемлекеттік грантқа ие болған екен. Нәзік жанның күйеуі бала кезден бері металдан әртүрлі бұйымдарды жасағанды ұнатады. Бүгінде ерлі-зайыптылар қазандықтар жасаумен айналысады. Бұл қондырғылар жылуды ұзақ сақтайды. Жақында Павлодар облысының бірнеше тұрғыны осы қазандықтарды сатып алыпты. Сонымен қатар жас кәсіпкерлерге балабақшалар мен мектептерден де тапсырыстар түсуде.
Аталмыш шара аясында сөз алған “Жас кәсіпкер” жобасының түлегі Әсел Селбаева да бұл форумнан тамаша әсер алды. Қазіргі кезде ол ауылды аймақта орналасқан фитнес орталығында жаттықтырушы болып жұмыс істейді.
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp