«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

МЕЙІРІМГЕ БӨЛЕНДІ

Петропавлдағы әлеуметтiк қызмет көрсету орталығының мамандары қарттар айлығы аясында мүмкіндігі шектеулі жандарға қолдау көрсету мақсатында бірқатар іс-шаралар өткізді. 

1982 жылы негізі қаланған орта­лықта бүгінде он сегіз жастан асқан жүйке жүйесі ауруларына шалдық­қан 300-ден астам адамға әлеумет­тік тұрмыстық, медициналық педагогикалық, психологиялық көмек көрсетіледі. Орталықта 170-ке жуық адам еңбек етуде. Жақында мүмкіндігі шектеулі жандар облыстық тарихи-өлкетану мұражайына экскурсия жасап, музыкалық кештің куәсі болды. Сондай-ақ, олар облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы ұйымдастырған спартакиада да төбе көрсе­тіп, шахмат пен дойбыдан өткен тур­нирлерде үздік нәтижеге қол жет­кізді. Жылы сөзге жандары жадырап, жүзінен мейірім төгілген жандарды сол кездегі қуанышты көңіл күйін сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес.

Өңір аудандары да қайырым­дылық шарасынан тыс қалған жоқ. Әр аудан атынан қамкөңіл жандарға сый-сияпат жасалды. Өздеріне көрсетілген қолдау мен құрметке олар дән риза.

 

 

Сымбат ҚОҢҚАШЕВА,

Петропавл әлеуметтік қызмет

көрсету орталығының маманы.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp