«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

МЕМЛЕКЕТ ҚОЛДАУЫ – КӘСІПКЕРЛІККЕ СЕРПІН

Қазіргі таңда шағын және орта бизнеске көрсетілетін мемлекеттік қолдау кәсіпкерліктің ел экономикасын дамытудағы маңызын аңғартады. Бұған жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары “Даму” кәсіпкерлікті дамыту қоры АҚ-ы облыстық филиалының мамандары ұйымдастырған баспасөз турының барысында да көз жеткіздік. Журналистер кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар аясында бизнес-жоспарын жүзеге асырып, өз ісін қолға алған серіктестіктердің жұмысымен танысты. 

Алдымен “Даму” кәсіпкерлікті дамыту қоры АҚ-ы облыстық филиалының директоры Мереке Сыздықов биылғы жылы мемлекеттік бағдарламалар аясында облыс кәсіпкерлеріне көрсетілген қолдау шаралары жайлы баяндады.

– Үстіміздегі жылы “Бизнестің жол картасы – 2020” бағдарламасының аясында облыста 97 млрд. теңгеге 800-ден астам жоба жүзеге асырылды. Жергілікті кәсіп иелері аталған бағдарламаның игілігін көруде. Сондықтан республикалық бюджеттен қосымша қаржы бөлінді. Бағдарлама аясында бүгінге дейін 67 жобаға субсидия беріліп, алпыс жобаға кепілдік берілді. Жыл соңына дейін бұл көрсеткішті жүз жобаға дейін жеткізуді жоспарлап отырмыз, – деді Мереке Сыздықов.
“Қарапайым заттар экономикасы” бағдарламасы бойынша екінші деңгейлі банктер 5 млрд. теңгені құрайтын 14 жобаны мақұлдаған. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған “Еңбек” бағдарламасын жүзеге асыруға биыл 695 млн. теңге бөлінген. 55 кәсіпкерге қолдау көрсету арқылы бұл қаржы бүгінге дейін толық игерілген.
Облыс орталығындағы “ЭкоМол Сергеевка” жауапкершілігі шектеулі серіктестігің директоры, жас кәсіпкер Альбина Рашитова “Қарапайым заттар экономикасы” бағдарламасы аясында 20 млн. теңге несие алып, сүт өнімдерін шығарумен айналыспақ. Бұл қаржыға ғимаратты жөндеп, қажетті құралдар-жабдықтарды сатып алған кәсіпкер биылғы жылдың қараша айында жұмысқа кіріседі. Дені Ресейден әкелінген құрылғылар күніне 10 тоннаға дейін өнім өндіруге қуатты.
Баспасөз туры жайлы толығырақ газетіміздің келесі санынан оқи аласыздар.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp