«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚЫСҚА ДАЙЫНДЫҚ ТЕКСЕРІЛУДЕ

Былтырғы қыста жауған қардың мөлшері аз болғанымен, 2018-19 жылдары облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің қызметкерлері 38 рет адамдарды қардың құрсауынан құтқарды. Мұның барысында 109 адам, соның ішінде 8 бала жылыту бекеттеріне көшірілді. 27 техника құралы қардың құрсауынан құтқарылды. 

Осындай оқиғалардың алдын алу мақсатында бұл мекеменің мамандары ұдайы бақылау жасайды. Бұл орайда департамент бастығының орынбасары, подполковник Ерік Сарыбаев Айыртау, Есіл, Жамбыл, Тимирязев, Шал ақын және Ғабит Мүсірепов атындағы аудандарда орналасқан елді мекендерге барып, қар жинауға арналған техниканың дайындығын тексерді. Сонымен қатар ол су тасқынының салдарынан зардап шеккен аудандарда мұндай оқиғалардың қайталанбауы үшін қандай іс-шаралардың атқарылатынын тексерді. Жұмыс сапарының аясында Ерік Темірханұлы жергілікті атқарушы органдардың өкілдеріне қыс мезгілінде орын алатын төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған іс-шараларға тиісті бақылауды қамтамасыз ету және оқыс оқиғалардың залал келтірмеуі қажет екендігін тілге тиек етіп, өз ұсыныстарын айтты.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp