«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

МІНДЕТ АЙҚЫН

Облыс әкімі, “Nur Otan” партиясы өңірлік филиалының төрағасы Құмар Ақсақаловтың қатысуымен фракция отырысы өтті. Халық қалаулылары қатысқан жиында 2016-2020 жылдарға арналған өңірімізді дамыту бағдарламасының жүзеге асырылу барысы талқыланды. 

Осыдан төрт жыл бұрын об­лыс­тық мәслихаттың шешімімен қабылданған бағдарлама алты бағытты қамтиды. Осы күнге дейін атқарылған жұмыстарды баяндаған облыс әкімінің орынбасары Асқар Сақыпкереев өткен жылы жоспарланған шараларды жүзеге асыру үшін 162,6 млрд. теңге қар­жы жұмсалғанын тілге тиек етті. Соңғы үш жылда жалпы өңір­лік өнім көлемі 6,9 пайызға артып, жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім көлемі 710,5 мың теңгеге жеткен. Өнеркәсіп өндірісі мен ауыл шаруашылығы өнімінің көле­мінде тұрақты өсім байқалып отыр. Негізгі капиталға құйылған инвестиция көлемі 45 пайызға арт­қан. Былтыр 218 мың шаршы метр тұрғын үй берілген, бұл 2015 жылмен салыстырғанда 1,6 есеге көп. Соңғы үш жылда облыстық және аудандық маңыздағы жол­дар жөнделуде.
Ауыл тұрғындарын орталық­тан­дырылған ауызсумен қамту үшін Есіл, Тайынша, Айыртау, Ти­мирязев және Ғабит Мүсірепов атындағы аудандарда сумен қам­ту нысандарының құрылысы жүр­гізілді. Өңірімізде 3-6 жас ара­лығындағы бүлдіршіндер мек­тепке дейінгі біліммен және тәр­биемен толық қамтылса, тұрғын­дарды еңбекке тарту үшін жыл сайын 12 мың жаңа жұмыс орны ашылуда. Мемлекеттік қолдау­дың арқасында еңбек нарығында тұрақтылық сақталып, жұмыссыз­дар саны азаюда. Егер 2015 жылы өңірімізде жұмыссыздық деңгейі 5,1 пайызды құраса, былтыр ол 4,9 пайызға дейін төмендеген.
Облыстық мәслихаттағы депу­тат­тық фракцияның жетекшісі Юрий Белоног мемлекеттік бағ­дар­ламалардың орындалу бары­сы қатаң бақылауға алынғанын және өңірімізді дамытуда жоспар­лы жұмыстардың жүзеге асыры­лып жатқанын айтты.
– Үстіміздегі жылдың қорытын­ды­сы бойынша аграрлық салада­ғы жалпы өнімнің көлемі 530-540 млрд. теңгеге жетеді деп күтілуде. Бұған біз әртараптандырудың арқасында қол жеткізіп отырмыз. Кейбiр диқандар бұл жұмыстар­мен айналысуға ниет танытпай отыр. Осы орайда депутаттық фрак­ция бұл мәселені сырттан бақыламай, белсенді араласуы керек, – деген өңір басшысы Құ­мар Ақсақалов жыл сайын жи­налатын 3 млн. тонна бидайдың жар­тысынан астамы сыртқа шикізат күйінде жөнелтіліп жатқанын айтып өтті.
Биыл өңірімізде 700 шақырым жол жөнделсе, алдағы уақытта Петропавл қаласынан аудан орталықтарына және кейбiр ауылдарға қатынайтын жолдар қалпына келтіріледі. Бұл орайда болашағы бар ауылдарға басымдық берілетін бо­лады. Мәселен, биыл Саумалкөл ауылында 17 көше жөнделсе, келесi жы­лы Қызылжар ауданының орта­лығында да осындай жұмыстар қолға алынады. Өңір басшысы Құ­мар Ақсақалов депутаттарға бұл жұмыстарды қатаң бақылауға алуды тапсырды. Сонымен қатар 2021-2025 жылдарға арналған облыс аумағын дамыту бағдарла­масы әзірленетін болады.

 

Арайлым БЕЙСЕНБАЕВА,
“Soltústіk Qazaqstan”.
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp