«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

СЕНБІЛІК ӨТКІЗДІ

Биылғы жылдың өткен кезеңінде Петропавл қаласындағы №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі қызмет көрсететін ауданда 43 өрт тіркеліп, соның салдарынан екі адам қазатауып, біреуі жарақат алды. Өттердің 80 пайызы жеке меншік тұрғын үй секторында тұрғындардың кінәсінен орын алды. Осындай қайғылы жағдайлардың алдын алу мақсатында бөлімше қызметкерлері облыс орталығының жеке меншік тұрғын секторларында кезекті іс-шаралар өткізді.

Өрт сөндірушілер “Жас өркен”, Ойқала шағын аудандары мен Крепостная көшесінің тұрғындарымен улы газдың зияны, ұқыпсыздық қандай жағдайға әкеліп соғатыны туралы әңгемелесіп, өрт кезінде қандай нөмірге қоңырау шалу керегін естеріне салды, сонымен қатар қажетті ұсыныстар жазылған жадынамалар табыстады.
Алдын алу жұмыстарына жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері де қатысты. Учаскелік полицейлер өрт сөндірушілермен бірлесіп, Косогор шағын ауданындағы ішімдікке құмар тұрғындарының, үш және одан көп балалары бар отбасылардың, мүгедектер мен зейнеткерлердің үйлеріне барып қайтты. Рейд барысында пештері мен электр сымдары нашар жағдайда деп танылған бірнеше үй есепке алынды.
Құтқарушылар облыс орталығындағы барлық тұрғындарға өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға, отпен абай болуға кеңес береді.


Марат НҰРҒАЛИЕВ,
Петропавл қалалық 1-ші мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі бастығының уақытша міндетін атқарушы,
азаматтық қорғау майоры
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp