2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда медициналық көмек көрсетудің үш деңгейлі жүйесі енгізілетін болады.
“Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру” заңына сәйкес жеңілдікке ие азаматтар 15 санатқа бөлінген. Бүгінде мұндай санаттағы азаматтардың саны – 11,6 миллион адам, бұл елдің барлық халқының 62 пайызын құрайды. Жеңілдік санаттарына балалар, күндізгі бөлімде оқитын студенттер, көпбалалы аналар, зейнеткерлер, бала жасынан бірінші топтағы мүгедекке күтім жасайтын адамдар, мүмкіндігі шектеулі жандар, жүкті әйелдер, атаулы әлеуметтік көмек алушылар кіреді. Мемлекет жеңілдік санаттарына кіретін тұлғалар үшін ай сайын міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне жарна аударады. Сонымен қатар еңбек ететін мүмкіндігі шектеулі жандар жарна төлеуден босатылады.
Мұрат ЖӘКЕНОВ,
әлеуметтік медициналық
сақтандыру қоры облыстық
филиалының бөлім басшысы.