«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӘСЕРЛІ КЕЗДЕСУ

Сәбит Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада “Book dating” дәстүрлі шарасы өтті. 

Осы жолы оқырмандар алдында ерікті, қоғам белсендісі Мағжан Тәжин әдебиет әлемі жайында сөз қозғады. Ол жастарға әлем классиктерінің шығармаларын оқуға кеңес берді. Ал ақпарат және қоғамдық даму орталығының қызметкері Әйгерім Мағамбетова бизнес тақырыбына арналған кітаптарды жиі оқиды екен. Жуырда ол Роберт Кийосакидің жеке іс ашуға ынталандыратын әдістемелік құралдарымен танысқан. “Жастар кітап оқудың пайдалы екенін ұғынсын деген мақсатпен бүгінгі кездесуге сүйікті авторларымның туындыларын алып келдім. Мұндай шараларды жиі өткізу керек. Әр белсенді азамат оқып шыққан кітабы жайлы осылайша ой бөліссе, кейінгі буын арасында әдебиетке деген қызығушылықтың артатыны анық”, – дейді Әйгерім Мағамбетова. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp