«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“ҚЫС” ОҚУ-ЖАТТЫҒУЫ

Петропавл қаласында “Қыс” республикалық штабтық оқу-жаттығуы басталды. Оның барысында әрбір қызметкердің төтенше жағдайларға әрекет етуге дайындығы, оларды алдын алу кезінде өз міндеттерін білуі тексерілді. Сонымен қатар облыс орталығының жиырмадан астам ұйымдары мен кәсіпорындарының жанынан құрылған бөлімшелердің даярлық деңгейі, төтенше жағдайлардың салдарынан зардап шеккен адамдарды құтқару жұмыстарының барысында оларға дер кезінде көмек көрсетуге арналған арнайы техниканың, жабдықтардың жарамдылығы пысықталды.

Бұл шараға қатысқан облыс әкімінің орынбасары Антон Федяев өңірдегі төтенше жағдайлар жөніндегі департамент бөлімшелерінің жұмысымен танысты. Оның айтуынша, құтқарушылар қыс мезгілінің қатал жағдайы кезінде әрекет етуге, оқыс оқиғалардың алдын алуға әрдайым дайын болуы қажет.

Оқу-жаттығу кезінде апаттық-қалпына келтіру бригадасының көмегімен арнайы техника мен жабдықтарды пайдалана отырып, бүлінген учаскені  ауыстыру және гидро мен жылу оқшаулағышын салу сияқты шаралар орындалды. Сонымен қоса өңіріміздегі аудандарда да осындай жаттығулар ұйымдастырылды. Оның барысында автокөлік жолдарында төтенше жағдай оқиғалары және коммуналдық пен энергетикалық желілердегі апаттарға айрықша мән берілді.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp