
Beeline Қазақстан қазақ тіліндегі алғашқы онлайн-кинотеатрға жазылу мүмкіндігін ашты. Рейтингі жоғары «QAZAQSHA» жазылымына көрермен BeeTV мобильді қомсымшасында қазірден бастап жазыла алады.
«QAZAQSHA» – қазақ тіліндегі алғашқы онлайн-кинотеатр. Видеотекадағы барлық фильмнің 90 пайызы тұңғыш рет қазақ тіліне аударылып отыр. Оларды дубляж жасаушы кәсіби студиялар қазақшалаған. «QAZAQSHA» кинотеатры үлкен аудиторияға арналған, оған фильмдер мен телехикаялар, танымал ғылыми, ойын-сауық бағдарламалары және балаларға арналған контент кіреді. Қазір көрерменге шамамен 500 сағат немесе 200 контент ұсынылып отыр. Ол ай сайын толықтырылып отырмақ. Топтамаға «Голодные игры», «Хатико», «1+1» тәрізді рейтингі ең жоғары таспалар енген.
Қазақ тіліндегі онлайн-кинотеатрдың құрылуы жайлы Beeline Қазақстанның Медиа бизнесті дамыту қызметінің жетекшісі Сергей Лещенко былай деп пікір білдірді: «Қазақ тіліндегі сапалы, әрі заңды контентке деген сұраныс жыл сайын артып келеді. Қазақстандықтар рейтингі жоғары фильмдерді ана тілінде көргісі келсе, тіл үйреніп жүргендер кино арқылы тіл ұстартуды қалайды. Жергілікті таспалармен қатар, шетелдің дубляждалған фильмдері мен телехикаялары да жоғары сұранысқа ие. Біз осы сұранысты сезіп, «QAZAQSHA» жазылымын жылдам іске қостық. Енді көрермендеріміз сапалы аударылған фильмдер мен мультфильмдерді өзіне ыңғайлы жағдайда, жарнамасыз көре алады».
Бұған дейін Beeline Қазақстан BeeTV көрермені үшін ivi онлайн-кинотеатрына қосылу мүмкіндігі мен START (Ресейдің танымал фильмдері мен телехикаялары) жазылымын ашып, осындай сервистер арасынан контент саны бойынша Қазақстанда бірінші орынға шықты.
BeeTV мобильді сервисі – бұл Beeline абоненттерінің интернет-трафикті шығындамай және жарнамасыз телевизия бағдарламаларын, фильмдерді, телехикаялар мен мультфильмдерді көру мүмкіндігі. BeeTV контентінің саны – 125 телеарна, 14 737 фильм, 4 674 телехикая. BeeTV қызметінің артықшылықтары – әртүрлі құрылғыдан – смартфоннан және планшеттен қосылу, сондай-ақ телеарналарды тоқтатып қою және соңғы тәуліктегі телебағдарламалар архивін көру мүмкіндіктері бар.
Қызметті www.beetv.kz сайтында және Android, iOS операциялық жүйелеріндегі мобильді қолданбамен тұтынуға болады. BeeTV-ді қосу үшін смартфоннан сайтқа кіру керек немесе мобильді қолданбаны жүктеп, қарапайым тіркеуден өтіп, топтаманы таңдау және қосу өтінішін растау қажет.
Жазылым мен олардың құны туралы толық ақпаратты төмендегі сілтеме арқылы таба аласыздар: https://www.beetv.kz