«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КАДРЛАР ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ САҚТАЛУДА

Тиімді мемлекеттік аппаратты қалыптастыру үшін цифрлық технологиялардың кеңінен қолданылып жатқаны белгілі. Әсіресе, кадрлар ісін жүргізуде “Е-ҚЫЗМЕТ” интеграцияланған ақпараттық жүйесіне басымдық беріліп отыр. 

Жүйеге дұрыс деректерді уақтылы енгізу мемлекеттік қызмет кадрларының жай-күйіне мониторинг жүргізуге мүмкіндік береді. Облыстың мемлекеттік органдарында кадр құрамы тұрақты жұмыс істеп, басқа қызметке ауысу деңгейі 4,5 пайызды құрап отыр. Осының нәтижесінде лауазымдағы орташа еңбек өтілі өткен жылмен салыстырғанда 4-тен 4,6 жылға дейін өсті. Жыл басынан бері облыста 759 бос лауазымға конкурс жарияланса, оның 76 пайызы төменгі лауазымдарға тиесілі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp