
Петропавл қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің “Гәкку” хореографиялық ансамблі Санкт-Петербург қаласында өткен “Без границ” фестиваль-конкурсында бірінші орынды иеленді.
Ұлттық би аталымында жүлдеге ие болған өрендер бұған дейін де халықаралық деңгейдегі байқауларда топ жарған. Назарбаев зияткерлік мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Сәулет Серікқызының айтуынша, конкурс жас дарынды балалардың шығармашылығын қолдау және насихаттау арқылы дәстүрлі ән, күй, би өнерлерін кәсіби деңгейде орындауға мүмкіндік жасау мақсатында ұйымдастырылған.