
Қазақстан Премьер-министрінің сайтында Үкіметтің 2020 жылы демалыс күндерін ауыстыру туралы қаулысы жарияланды.
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 85-бабының 3-тармағына сәйкес және жұмыс уақытын тиімді пайдалану үшін 2020 жылы демалыс күндерін ауыстыру кестесі бекітілді. Бұл туралы Премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
“Демалыс күндері 2020 жылғы 5 қаңтар жексенбіден – 3 қаңтар жұмаға; 11 мамыр дүйсенбіден – 8 мамыр жұмаға; 20 желтоқсан жексенбіден 18 желтоқсан жұмаға ауыстырылсын”, – делінген қаулыда.
Бұл қаулы ресми жарияланғаннан кейін он күн өткеннен кейін күшіне енеді.
Newtimes.kz