«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚАУІПТІ КЕЗЕҢ

Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаментте өткізілген брифингте өңірдегі өртке қатысты жағдай және қыс мезгілінде төтенше жағдайлардың алдын алу мәселелері қарастырылды.

 Брифингті ашқан департамент бастығының орынбасары подполковник Ерік Сарыбаев облыс аумағындағы су айдындарында орын алған қайғылы оқиғалар туралы айтып, мұз үстінде қауіпсіздік ережелерін сақтауға баса назар аударды. Ерік Темірханұлы су бетіне мұз қатқалы балықшылар үшін қатер көбейе түскенін атап өтті. Себебі, қармақтың қызығын қуғандар мұздың жұқа екенін елемейді.
 «7 қараша күні Есіл ауданындағы Оседлое ауылының маңында жасанды шұңқырда суға кеткен 2 адамның қаза тапқаны анықталды. Күндіз олар көрші Амангелді ауылынан балық аулауға кетіп, үйлеріне қайтып оралмаған. Балықшылардың ешқандай құтқару құралдары болмағаны анықталды», – деді Ерік Сарыбаев.
 Брифингте аталып өтілгендей, қайғылы оқиғалардың негізгі себебі – адамдардың мұздың қаншалықты қалың екенін ескермеуі, қауіпті жерлерде қараңғыда, құтқару кеудешесінсіз балық аулау.
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp