«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АЙЫППҰЛ САЛЫНДЫ

Өңірде “кедергісіз орта” қалыптастыру мақсатында әлеуметтік нысандар тексерілді.

Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің облыстық департаменті мамандарының айтуынша, биыл бірнеше нысанға қызметтік тексеріс жүргізілген. Соның 24-і алдын алу сипатында болса, жиырмадан астамы жоспардан тыс жүргізілді. Тексеріс нәтижесінде заңға немқұрайды қараған бес субъект анықталып, оларға жалпы сомасы 984 мың теңге айыппұл салынды. Бір әкімшілік материал сотқа жіберілді. Соттың шешімі бойынша лауазымды тұлға кінәлі болып танылып, ҚР Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 462-бабы 3-тармағы бойынша 15 АЕК — 37 875 теңге айыппұл төледі. Тексеріс қорытындысы бойынша мамандар анықталған заң бұзышылықтарды жоюға және оны белгілі бір мерзімде орындауға 43 ұсыным берді.
Биыл қазан айының соңында облыстық әкімдіктің жанындағы жұмысшы топ мүмкіндігі шектеулі тұлғалар үшін «кедергісіз орта» қалыптастыру бойынша атқарып жатқан жұмыстарының тиімділігін анықтау мақсатында тексеріс жүргізді. Тексеріс нәтижесі бойынша жергілікті атқарушы органдарға халыққа қызмет көрсететін барлық нысандарды мүгедектігі бар тұлғаларға қолжетімділік деңгейін анықтау мақсатында толығымен түгендеуден өткізу тапсырылды. Талапқа сай болмаған жағдайда мемлекеттік нысандарды жөнге келтіру үшін бюджеттен қаржы бөлінуі тиіс. Мүмкіндігі шектеулі жандарға тиісті жағдай жасау үшін бұл жұмыстарды шұғыл түрде аяқтауға ұсыныс берілді. Оның орындалуы тұрақты бақылауда болмақ.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ.
Сурет https://qazaly.kz сайтынан алынды.

 

 


  

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp