«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БАБАЛАР ЖОЛЫ – ҰРПАҚҚА ТАҒЫЛЫМ

М.Қозыбаев атындағы СҚУ-де “Ұлы даланың жеті қыры – болашаққа бағдар” тақырыбында өңірлік ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Оған білім ордасының оқытушылары мен студенттері, тарихшылар мен зиялы қауым өкілдері қатысты. 

Конференция барысында баяндамашылар арасында “Ұлы даланың жеті қыры” бағдарламасының негізгі бағыттарын іске асыру барысын талқылау бойынша әңгіме өрбіді. М.Қозыбаев атындағы СҚУ-дің проректоры Ақмарал Ибраева, “Рухани жаңғыру” бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі бөлім жетекшісі Эльмира Танақұлова, Солтүстік Қазақстан мемлекеттік мұрағатының директоры Сәуле Мәлікова, тарихшы Сабыр Ыбыраев елімізді рухани жаңғыртудың мәселелерін сөз етті. Эльмира Танақұлованың айтуынша, бүгінде өңірімізде аталмыш бағдарламаның алты бағыты бойынша жұмыс жүргізілуде. Сондай-ақ, әлеуметтік жобалар жүзеге асырылуда.
Конференцияға қатысушылар бағдарламалық мақаланың идеяларын жүзеге асыру, білім беру қызметінің сапасын арттыру жолдары туралы да ой бөлісті. Өлкетанушы Сансызбай Жұмабек еліне қорған болған батырлар жайлы әңгімелеп, жас ұрпаққа Қызылжар өңірінен шыққан тұлғалардың отансүйгіштік, елжандылық қасиеттерін үлгі қылудың маңызы зор екенін айтты. Ұлы бабаларымызға арналған шараларды жиі өткізу жөнінде ұсынысын білдірді. Өзге баяндамашылар қоғамдық сананы жаңғырту шеңберінде жүргізіліп жатқан жұмысты кеңінен насихаттау қажеттігін алға тартты.

 

Гүлбике КУБЕНОВА,
“Soltústik Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp