«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ДЕР КЕЗІНДЕГІ КӨМЕК

Солтүстікқазақстандық құтқарушылар “Петропавл-Жезқазған” тасжолының жиегіне шығып кеткен «КамАЗ» автокөлігінің жүргізушісіне көмек көрсетті. 

Оқиға Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Западное ауылының маңында орын алған. Отын тиелген «КамАЗ» автокөлігі ауа райының қолайсыздығынан жол шетіне түсіп кеткен. Көктайғақта рөльге ие бола алмаған жүргізуші өздігінен жолға шыға алмаған соң «112» нөміріне хабарласып, көмек сұрайды. Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар “ҚазАвтоЖол” Ұлттық компаниясы” акционерлік қоғамы облыстық филиалының мамандарымыен бірлесіп, көмек қолын созды. Нәтижесінде «К-700» және қосалқы техникаларын жұмылдырудың арқасында көлік жол үстіне сүйреп шығарылды. Сөйтіп, сағат 13.25-те «КамАЗ» көлігі сапарын жалғастырды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp