«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖОЛАУШЫЛАР ҚҰТҚАРЫЛДЫ

Қызылжар ауданында 36 жолаушысымен жолда қалған автобус құтқарылды. Аудандық ішкі істер бөліміне Соколовка елді мекенінің маңында Қырғызстан Республикасынан келе жатқан «Setrа» маркалы автобустың істен шығып, тұрып қалғаны туралы хабар келіп түскен.

 Ресейдің Екатеринбург қаласына бет алған көлікте 8-і бала бар болса, ең кішкентайы небары 1 жасар екен. Оқиға орнына Қызылжар аудандық төтенше жағдайлар бойынша бөлімнің және жергілікті әкімдіктің мамандары жетті. Жедел көмектің арқасында жолаушылар Соколов орта мектебінің ғимаратына орналастырылды. Оларға ыстық шай беріп, тамақтандырылды. Белгілі болғандай, автобустың тежегіш жүйесі істен шыққан. Көмекке келген солтүстікқазақстандықтарға алғыстарын білдірген шетелдіктер жөнделген автобуспен сапарларын жалғастырды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp